Көктөбе ауылында кездесу өтті

Көктөбе ауылында кездесу өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу ауданы Төле би мешіті «Жалын» жастар қоғамдық бірлестігімен бірге Шу ауданы Көктөбе ауылдық мешітінде діни экстремизмге арналған іс-шарада бас қосты.

Аталмыш іс-шараға ауданның бас имамы Қ. Мусаев, Көктөбе ауылының әкімі Н. Султанбаев, сондай-ақ, «Жалын» жастар қоғамдық бірлестігінің өкілдері қатысты. Кездесуде қазіргі таңдағы қоғамды алаңдатып отырған діни экстремизм, діндегі адасушылық, теріс көзқарас сол сияқты т.б. көптеген ауқымды мәселелер талқыланды.

«Жалын» жастар қоғамдық бірлестігінің өкілдері жұма намазына келген жамағатқа интерактивті тақта арқылы теріс ағымдардың зардабы жайлы видео-слайттар көрсетті. Ауданның бас имамы Қ. Мусаев қоғамдағы жат ағымдардан сақ болу жайлы кең көлемде уағыз-насихат айтып, жамағатты ауыз біршілік пен ынтымаққа шақырды.

Шу аудандық Төлеби мешітінің

іс басқарушысы Ғалым Есіркесінұлы

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: