Имам-молдалар мәжілісте бас қосты

Имам-молдалар мәжілісте бас қосты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

     Қалыптасқан дағды бойынша Мойынқұм ауданында қызмет атқарып жүрген имам-молдалар кезекті жиналыста бас қосты. Жиында қасиетті Рамазан айында атқарылған іс-шаралар талқыланды. Бас имам діни басқарманың қойылған талабы да, әр имамның жауапкершілігі де жоғары екендігіне тоқтала келіп, жұмысын жақсы атқарған имамдарға алғыс айтты.

     Іс-шараға ауыл имам-молдалары мен ішкі саясат бөлімінің қызметшісі Манарбек Көшкінбаев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жамбыл Қалыбаев, Мойынқұм аудандық газетінің бас редакторы Сүндетулла Әбілов қатысты.

    Аудан имамы ауыл-молдаларына облыстан берілген «Діни негізгі мағлұмат» кітабын таратып, бірқатар тапсырмалар жүктеді. Атап айтарболсақ: мешіт ауласын таза ұстау, белгіленген төрт бағыт бойынша жұмыс атқару, келесі жылға газет-журналға жазылу, имам-молдалардың білімін жетілдіру мақсатында ислам институтына екі айлық оқуға бару, қажылық сапарына бару жөніндегі мәселелер, алдымызда келе жатқан «Салафизм-аса қауіпті індет»атты облыстық конференцияға қатысып, үлкен жауапкершілікпен белсенділік танытып жұмыс атқару тапсырылды.

     Молдалар аудан имамының сөзін қолдап, жұмыла бірлесіп жұмыс атқаратындарын айтты.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: