«Әзрет Әли» мешітінде ҚҰРАН және АЗАН сайысы басталды

«Әзрет Әли» мешітінде ҚҰРАН және АЗАН сайысы басталды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Осыдан бір ай бұрын Самал (7) мөлтек ауданында орналасқан «Әзрет Әли» мешіті қалалық мешіттер арасында ҚҰРАН және АЗАН жарысын ұйымдастыратынын жариялап, барша қалалық мешіттеріне жарнама іліп, шәкірттерді жарысқа шақырған болатын. Осы уақыт аралығында

-          Азан жарысына – 12 адам;

-          15 сүре (нәс-зілзала) – 24 адам;

-          Жарты пара (нәс-фәжр) – 14 адам;

-          І пара – 11 адам, барлығы – 61 адам тіркеліп үлгерді.

Қаланың барлық мешіттерінен жиналған 61 адам 31 шілде күні өзара сынға түсіп, 1 тамыз күні өтетін финал жолдамасын сарапқа салды. Еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін қатысқан бұл күнгі іріктеу жарысы аса тартысты өтті. Тіпті бұл сайысқа орыс ұлтының өкілі Манкевич Андрей Ашраф есімді мұсылман жарты пара бойынша сайысқа қатысты.

Жұма намазынан кейін басталған Құран және азан жарысының алғашқы шымылдығын қалалық «Әулие-Ата» мешітінің бас имамы Аян Алмаханов ашты. Сондай-ақ, Республикалық азан сайысында Жамбыл облысының намысын қорғап, жүлделі ІІІ орынды иленген Талғат Сматов дүбірлі дода үміткерлеріне сәттілік тіледі. Осыдан кейін сайыс басталып барлығы үш сағатқа созылды. Нәтиже бойынша әр сайыс түрінен 5 адам финалға шықты.

«Келесі кезекте кілең мықтылардан тұратын аса тартысты финалды асыға күтеміз,» – дейді қала тұрғындары.

Жалғас Орынбасаров 

«Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті

университетінің 2 курс студенті

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: