Т.Рысқұлов ауданы «Сұлтан» орталық мешітінің бас имамы Сұлтаншәріп қажы Джадраев ауыл мешіттерінің тыныс-тіршілігімен танысып қайтты. Атап айтсақ, Т. Рысқұлов ауданына қарасты Өрнек ауылын жай-жапсарын көріп, хал-ақуалымен танысты.
Әр мешіттің ішкі-сыртқы тазалығына, жұмыс тәртібіне аса мән беріп, молда деген атқа кір келтірмей соған сай елмен жақын болып, аянбай қызмет жасауға шақырды. Осы күнге дейін атқарылып келген шараларды жандандырып, онан әрі біріге отырып жалғастыру қажеттігіне баса назар аударды.
Сұлтаншәріп қажы елдің бірлігі мен асыл дініміз исламның кең қанат жаюына қолдау білдіретіндігін жеткізді.
Әбілда МЕЙІРХАНОВ, әскери зейнеткер.