Өкіл имам қала мешіттерін аралады

Өкіл имам қала мешіттерін аралады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

   Жамбыл облысының өкіл имамы «Һибатулла-Тарази» мешітінің бас имамы Данияр қажы Жұмабаев және Тараз қаласының бас имамы Аят Дыбысұлы Тараз қаласындағы бірнеше мешіттерді аралап,  мешіт жамағаттарымен  кездесті. Атап айтатын болсақ, «Мырхалық қажы», «Әбдықадір», «Әкрам Төре» және  Өзбек көшесінде орналасқан Намазханасы. Өкіл имам мешіт жамағаттарына  дәстүрлі дініміздің құндылықтарын, имам Матруди ақидасы, Имам Ағзам АбуХанифа мазхабын ұстанудың маңыздылығын кеңінен айтып түсіндірді. Ислам бейбітшілік діні, Ислам ешкімді бөліп-жармай  қайта барлық мұсылмандарды бір тудың астына бірігуге шақыратын дін екенін жеткізді. Теріс ағымның жетегінде жүрген кейбір бауырларымызды өзіміздің дәстүрлі дінімізді ұстануға шақырды. Қазіргі таңда біздерге бөліну емес қайта бірігу, ауыз біршілік, ынтымақ керек екендігін тайға таңба басқандай тілге тиек етті. Қойылған сауалдарына да мардымды жауаптар айтылды. Өкіл имам еліміздің тыныштығы, мешіттеріміздің есігі қашан да ашық тұруы біздің үлкен жетістігіміз дей келе, осындай тыныштықтың қадірін ескеруіміз керек деді. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын, құрметті, мұсылман бауырлар! Баршаңызға Алланың игілігі, сәлемі нұры жаусын!

                                              Тараз қалалық «Әулие ата» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: