ҚМДБ-ның төрағасы Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының жүктемесі бойынша әр имамның басты назарға алатын тапсырмаларының бірі – шәкірт оқыту мәселесі болып табылады.
Байтақ мемлекетіміздің жарқын болашағы – жас бүлдіршіндерге рухани тағлым, имани тәрбие беру мақсатында 7 мөлтек ауданында орналасқан «Әзрет Әли» мешіті Құран үйрену курсының екінші легін шілде айында бастап, қазіргі дейін мектеп жасындағы балаларға қасиетті Құранды үйретуде.
Жас шәкірттерге білім берумен қатар спорттық шараларды ұйымдастыратын «Әзрет Әли» мешітінің ұжымы бұл жолы балаларды сергіту мақсатында қаламыздағы Кеңес Одағының Батыры Б. Момышұлы атындағы «Жеңіс» саябағына саяхат ұйымдастырды. Алдымен парктің әсем табиғатын тамашалап аралаған шәкірттер одан әрі саябақтағы аттракциондарда ойнады. Батутқа секіріп, көңіл көтеріп, суда жүзетін қайық-аққуларға мініп сергіді. Саяхат соңында балаларға тәтті балмұздақ таратылды.
Орынбасаров Жалғас
«Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті
университетінің 2 курс студенті