Қалыптасқан дағды бойынша Қордай ауданында қызмет атқарып жүрген имам-молдалар кезекті жиналыста бас қосты. Жиында қасиетті Рамазан айында атқарылатын іс-шаралар талқыланды. Бас имам діни басқарманың қойылған талабы да, әр имамның жауапкершілігі де жоғары екендігіне тоқтала кетіп, жұмысын жақсы атқарған имамдарға алғыс айтты. Нақты тапсырмалардың арасында, интернет желісіне белсене қатысу, балалардың жазғы демалыстағы уақытын діни сауат ашу курстарымен тиімді пайдалану, діни басқармадан келген есепке мұқият қарау болды. Бес уақыт намазды тек ҚМДБ тарапынан белгіленген имамдардың жүргізуі қатаң тапсырылды. Осыған қоса өзекті болған ҚМДБ БАҚ жазылу тапсырмасы, тағы басқа сол сынды мәселелер қарастырылды. Осы уақытқа дейін жалғасып келген уағыз-насихат тобының жұмыстарын ары қарай ауылдарда жалғасын табуда. Бас имам Әбдужалил Шалбай жиындағы имамдарға тапсырды.
Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі