Жан шуағы – қайырымдылық

Жан шуағы – қайырымдылық

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы жүктеген 4 бағыттың бірі – қайырымдылық. Қайырымдылық адамдардың арасында мейірім мен махаббатты өсіретін игі амал. Қайырымдылық жасау – әрбір адамзаттың асыл парызы. Мұқтаждың мұңын бөлісіп, жәрдем ету мұсылман баласы үшін қашан да асығарлық іс.

Аталмыш ізгілік шарасы «Һибатулла Тарази» мешітінде орын алды. Науқанда 50 отбасыға 10 000 теңге қаржыдан үлестірілді. Ал, науқанда жұмсалған ақшаның жалпы суммасы 500 000 теңгені құрайды. Қаражатты ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілі Данияр қажы Жұмабаев көпбалалы, жалғызбасты, мүмкіндігі шектеулі, әлеуметтік жағдайы төмен жанұяларға табыстады.

Жүректен жүрекке жеткен игі іс-шараның нысаны болған халық шын жүректен алғыстарын айтып, ризашылықтарын жеткізді.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: