Облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің ұйытқы болуымен аудандық «Меркі-ата» мешітінде тегін жолаушылар науқаны өтті. Қасиетті Рамазан айы аяқталып, ораза айының бірінші күні Меркі-Тараз бағытына қатынайтын 20 адамдық микроавтобус «Ораза айт» құрметіне жолаушыларды тегін тасымалдау акциясы аясында Меркі орталығынан 20 жолаушыны тегін орналастырып, Тараз қаласына аттанды. Жолаушылардың сапарларына сәттілік тілеп, Меркі ауданының дін қызметкерлері шығарып салды. Бұл бағыттағы жолаушылар автокөлігі Тараз автобекетінен 20 жолаушыны Меркі орталығына тегін жеткізеді.
Ізгі іске демеушілік көрсетіп, ұйымдастырған облыстағы дін қызметкерлеріне алғысымыз шексіз, – дейді ризашылықтарын білдіріп, сапарға аттанған азаматтар.
Меркі ауданы, аудандық «Меркі-ата» мешіті