Дінің тұрсын дін аман!

Дінің тұрсын дін аман!

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Дін төңірегінде туындаған түйткілдер қандай заманда болмасын қоғам мен мемлекет үшін аса маңызды мәселелердің бірі болып саналады. Өйткені, ажырамас ұғымға айналып, біте қайнасып кеткен дін мен қоғамның арақатынасы ел болашағына әсер етуші факторлардың бірі. Сондықтан қазіргі кезеңінде де дін халықтың әлеуметтік және рухани өмірінің маңызды құрамына айналған дін мәселелері күн тәртібінен түскен емес.

Әсіресе, жас сананы улаушы жат ағымдардан келер қауіп үдеген шақта олардың алдын алу аса маңызды. Осы орайда, «Жамбыл облысы Жастар мәслихаты» жастар қоғамдық бірлестігі облыстық «Дін проблемаларын зерттеу орталығымен» қолдауымен, 26 маусым мен 8 шілде аралығында «Теріс діни ағымдардан алдын алу» тақырыбы бойынша кездесу өтті.

Шара аясында облыстың барлық аудандары мен Тараз қаласында семинарлар өткізіліп, оған Мысырдың Әл-Әзһар университетінде бес жыл білім алған Нұралы Бақытұлы лекторлық етті. Жиындарда құптан намазынан бұрын уағыз жүргізетін түрлі жат ағым өкілдері, қазіргі уақытта қоғам арасында түсініспеушілік туындатып отырған түрлі мәселелер талқыланып, зардаптары туралы түсінідіріліп өтті. Сондай-ақ, Рамазан айының қадір қасиетті жайлы, сауабы мол айда ізгі амалдар жасаудың ризығы туралы да айтылды. Барлығы мыңнан астам облыс тұрғындары қамтылған бас қосу барысында Н. Бақытұлы тұрғындар тарапынан туындаған түрлі сұрақтарға жауап берді.

Бұл жиындардың тек мерзімді шара ретінде ғана жасалып жатпағанын айта кетуіміз қажет. Алдағы уақытта кездесулер барысында қойылған сұрақтар мен айтылған ойлар сарапталып, облыстық конференция жұмысы арқылы жалғасын табатын болады. 

 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: