Аяулы жандарға ауызашар берілді

Аяулы жандарға ауызашар берілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Әйел деген – әлемнің анасы. Ел қамын жер батырды тәрбиелейтін де әйел баласы. Алла Тағала әйел мәртебесін көтеріп қойған. Әйел қыз бала кезінде әкесіне тозақтан қалқан болса, жар болғанда жұбайының иманының жартысы болады. Ал, ана атанғанда жұмақтың кілті оның табанының астында болады. «Ана бір қолымен бесікті тербетсе, бір қолымен әлемді тербетеді,» – дейді қазақ даналығы. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Егер әйел кісі күнделікті парыз етілген бес уақыт намазын қаза қылмаса, Рамазан айында ораза тұтса, өзін бөтен еркектерден сақтай білсе, күйеуіне адал болса, онда оған: «Жәннаттың қай есігінен кіруді қаласаң, сол есігінен кір деп айтылады». (Анастан Дилми риуаят еткен). «Әйелдеріңнің ең жақсысы – салиқалы, күйеуіне адал болғандары» дейді. (Анастан Дилми риуаят еткен).

Осынау дүниенің мейірімі болған нәзік жандыларға арнап «һибатулла Тарази» мешіті ауызашар берді. Рамазан айының соңғы күнінде бас қосқан әйелдер қауымы шексіз алғысын айтып, ардақты әжелеріміз дұға-тілектерін айтты.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.

 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: