Рамазанның соңғы күні «Әзрет Әли» мешітінде ҚМДБ-ның тапсырған төрт бағыттың бірі – қайырымдылық бағыты бойынша, пітір садақадан жиналған қаражатқа 32 жағдайы төмен отбасыға азық-түлік түрінде көмек көрсетілді. Әр отбасыға берілген азық-түлік дорбасы күнделікті тұрмысқа қажет ұн, шай, май, макарон, қант, қарақұмық, күріш, шұжық, бұршақ, мейіз, тәтті шоколадтармен толтырылған.
Сонымен қатар 2 отбасыға «Әзрет Әли» мешіті тарапынан қаржылай көмек көрсетілді.
Орынбасаров Жалғас
Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті
университетінің 2 курс студенті