Рамазан айты аталып өтті

Рамазан айты аталып өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

   Адамдар үшiн жолбасшы, тура мұстақим жолды түсiндiрiп, жаман қылықтан сақтандырушы Құран Кәрiм түсiрiлген қасиеттi рамазан айы да аяқталып, мұсылман жұрты ынтыға күткен мейрамымыз – ораза айт та келiп жеттi. Бүкiл мұсылмандар Алла тағала алдындағы парызы, Ислам дiнi бес дiңгегiнiң бiрi – ұлы Рамазан оразасын ұстады.

    Ия, Рамазан iшiнде барша мұсылмандар Алла тағаланың шапағат, рахымына бiрiнен-бiрi артық бөлену үшiн қолдарынан келгенше мүбарак айды тиiмдi өткiзуге, қасиеттi айда дұға-тiлектерiнiң қабыл болуы үшiн мүмкiндiгiнше қайырлы iстердi көбейтiп, жүрегi, тiлi және iс-әрекетi де ғибадатта болуы үшін ұмтылды.

     Бұл айды мұсылман бауырлар жақсы өткiздi деген үміттеміз. Өйткенi, Рамазан – қайрымдылық, мейрiмдiлiк, сауап амалдар жасайтын, күнәлар кешiрiлетiн, iстеген ғибадаттарымызға орай тақуалығымыз үшiн жұмақ нығметтерiмен сыйланатын ай. Т. Рысқұлов аудандық «Сұлтан» мешітінде Қасиетті ораза айт мерексі биыл ауданда жоғары деңгейде аталып өтті. Алдын-ала мешіт қызметкерлері Рамазан айттың қарсаңында мешітте тазалық жұмыстарын жүргізіп, ораза айтқа дайындық жасады. Дайындық жұмыстары пысықталып, айтулы мерекенің барынша ойдағыдай өтуі жан-жақты қамтамасыз етілді.

     Дайындалған жоспар бойынша мінберде орталық «Сұлтан» мешітінің бас имамы Сұлтаншәріп қажы Джадраев ораза айтымен халықты Бас мүфтидің атынан құттықтап, айт күндегі ізгі істерді арттыруға үндеп, осы күндегі дін мен дәстүр сабақтастығын ашып көрсетті. Айт намазы өтеліп болған соң, тиянақты дайындалған бағдарлама ретімен гір тасын көтеруден, арқан тартысудан сайыстар өтті. Сегіз адамнан құралған алты топтың арқан тартысы да көпшілікті бір серпілтті. Жеңімпаз топқа ақшалай сыйлықтар мен діни әдебиеттер табысталды.

     Тұрақты жасалып тұратын қайырымдылық шарасы да осы күннің құрметіне атқарылып, бірқатар жанұяларға азық-түліктен және ақшалай көмек көрсетілді. Сонымен қатар 17 адамдық спринтер автобусы ораза айтының құрметіне 1 күн тегін жүргізілді. «Осылайша ораза айты өз деңгейінде жоспарлы түрде атқарылып, бауырмалдылық пен кішіпейілділік, кешірімділік пен сүйіспеншілікке бөленген бұқара халық ынтымақтастығын арттырды.

     Әбілда МЕЙІРХАНОВ, әскери зейнеткер.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: