Қайырымдылықтың ең абзалырағы және сауабы молы ол – қасиетті Рамазан айындағы жасалған қайырымдылық болып табылады. Алла Тағала нәсіп етіп Рамазан айының соңғы күні аудандық «Төле би» мешітінде қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.
Әлеуметтік жағдайлары төмен 10 отбасына азық-түліктей, ұн, кеспе, шәй, сұйық май және соның ішіндегі 4 отбасына ақшалай көмек көрсетілді.
Алла Тағала барша мұсылмандардың бір-біріне деген бауырмашылығын арттыра берсін, Амин.
Шу аудандық Төлеби мешітінің
іс басқарушысы Ғалым Есіркесінұлы