Қасиетті Рамазан айыда аяқталып келеді. Осы айдағы ізгі шаралардың бірі ауызашар. Қылышбай ауылының әкімі Мәлік Мұқашовтың ұйымдастыруымен «Ратқұл ата» мешітінде ауызашар берілді.
Ауызашарға Мойынқұм аудандық мешітінің найб имамы Ерғали Байділдаев қатысып, Рамазан айы, қадір түнінің ерекшелігі мен маңыздылығы туралы және бұл түннің мың айдан да артық екендігі, осы түні көктегі періштелер жерге түсіп, таңға дейін сәлем жалғасатыны жайында уағыз айтты. Ауыл ақсақалдарының төрағасы Ұзақбай Маралбаев қария қадір түніне арнап өлең шумақтарын оқып, ауыл әкімі М. Мұқашов мырзаға осы шараны ұйымдастырғаны үшін, ауыл қариялары атынан үлкен алғыс білдірді.
Ақсақалы бар ауылдың – Алтын бесік қазына екені тілге тиек болды.
Мойынқұм аудандық мешіті