Қайырлы Рамазан кештері

Қайырлы Рамазан кештері

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Түндердің төресі, мың айдан қайырлы, періштелер жерге түсіп, жер бетінде береке орнайтын қадір кеші – сауаптар еселеніп жазылатын ерекше қасиетті түн. Жаратушы Иеміз бұл түні шынайы намаз оқып, өзіне жалбарына дұға жасаған пендесінің барлық қайырлы амалдарын қабыл етеді. Өткен қате-кемшіліктері мен күнәлары үшін шын өкініп, Жаратқаннан кешірім тілеген адамның тілегі де қабыл болады. Осыны жадына берік түйген ауданның мұсылман қауымы қадір түнін ерекше ықыласпен өткізіп, көбірек дұға жасап қалуға тырысты.

Жуалы ауданы «Толымбайтегі Зиябек» атындағы орталық мешітке күн ұясына отыра ағылған жамағаттың қарасы мол еді. Мұнда алдымен ауыз бекіткендерге арнап ауызашар берілді. Тарауих намазын өтеп болған қауымды ауданның бас имамы Алмас Рысханұлы, орынбасары Рамазан Маратұлы, Мысырдағы «әл-Әзһар» университетінің түлегі Қасым Бекжігітұлы Қадір түнінің қадір-қасиеті мен сауабы туралы уағызға ұйытты.

Жиналған жамағатты Қадір түнімен арнайы аудан әкімі Батырбек Құлекеев құттықтады. Ауданның бас имамы Алмас Кенжемолдаев Құран аятын оқып, сауабын бағыштағаннан кейін Батырбек Әбдірәсілұлы сөз сөйледі. Ол Қадір түнін мешітте құлшылықпен өткізуге ниеттенген қауымның көбі жастар екенін ескеріп, жастарды отаншыл, мемлекетшіл болуға, еңбекті сүюге, адал өмір сүруге үндеді.

Сосын аудан әкімі Батырбек Әбдірәсілұлы аудан имамы Кенжемолдаев Алмас Рысханұлымен бірге ауыл мешіттерін аралады. Алладан үміті болып, ел тілеуін тілеп отырған мешіт жамағаттарымен сұхбаттасып, ел тілеуін бірге тілесті. Қадір түнін күзету осылайша таңға дейін жалғасып жатты.

А. Сәрсен

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: