Алла Тағала нәсіп етіп биылғы жылы да «Төле би» мешітінің жамағаты қасиетті Рамазан айының «Қадір» түнін өз денгейінде өткізді. Алланың қалауымен, аңсаған жамағаттын дұғасымен, аудан бас имамы Қ. Мусаевтың ұйымдастыруымен ауданымызда ең алғашқы рет қасиетті Құран кітабы басынан аяғына дейін оқылып, қатым түсірілді.
Қатымды басынан аяғына дейін оқыған арнайы Қордайдан шақырылған Осман, Закир атты қари бауырларымыз жамағатты қасиетті Құран аяттарымен сусындатты.
Ағылып мешітке келіп жатқан жамағатымыздың ішінде әкімшілік делигациясын басқарып келген аудан әкімі Рустем Рысбайұлы ағамыз да келіп құлшылық ғибадатын жасап, мешітте өткізіліп жатқан іс-шараға өз үлесін қосты.
Мешітте ауызашар беріліп, тарауих намазынан соң уағыз-насихаттар айтылып, бейне роликтер көрсетіліп, таң намазына дейін сұрақ-жауап ойындары ұйымдастырылды. Халық алдында қари бауырларымызға құрмет көрсетіп, иықтарына шапан жауып, ақсалдарымыз өз баталарын бергенін айтамыз. Алла баршамызға келесі жылғы он екі айдың сұлтаны Рамазан айына жетуімізді нәсіп қылсын, амин.
Шу аудандық Төлеби мешітінің
іс басқарушысы Ғалым Есіркесінұлы