Мойынқұм мешітінде өткен Қадір түні

Мойынқұм мешітінде өткен Қадір түні

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Түндердің төресі, мың айдан қайырлы, періштелер жерге түсіп, жер бетінде береке орнайтын қадір кеші – сауаптар еселеніп жазылатын ерекше, қасиетті түн. Осы қасиетті түні Мойынқұм аудандық мешіті жамағатқа толысты. Бас имам З. Исаев жиналған жамағатты қадір түнімен құттықтап, қадір түнінің қасиеті жайлы уағыздар айтты. Тарауық намазы оқылып, Аудандық мешітте жазғы сауат ашу курсында дәріс алған шәкірттер арасында Құранды мәнерлеп оқу, пайғамбарымыз (с.а.у) өмірбаяны және сұрақ-жауап сайысы өткізіліп, жеңімпаздарға ақшалай сыйлықтар берілді. Мешіт имамдары уағыз айтып, жиналған жамағатқа түрлі кітаптар таратылды. Дастархан жайылып, құран оқылды. Жамағат сәресі ішіп, ниет етіп, таң намаздарын оқып тарқасты.

Мойынқұм аудандық мешіті

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: