«Ұлы Алла Тағала: «Адам баласының тек оразадан басқа амалының барлығы өзі үшін. Ал, ораза – Мен үшін, оның сауабын Өзім беремін», «Ораза тұтушыға ауыз аштырған адам ораза ұстағанның сауабындай сауап табады. Сондай-ақ, оның сауабы ораза ұстаушының сауабын кемітпейді» –деген.
З. Исаевтың ұйытқы болуымен, Мойынқұм аудандық мешітінде ораза ұстаған аудан тұрғындарына, мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне, мешіт жамағатына жалпы 70-ке жуық адамға дастархан жайылды. Дастархан басында Құран оқылып, Зият Исаев жиналған қөпшілікке шынайы лебізін білдірді. «Мұсылман баласы үшін бұл айдың орны ерекше. Қасиетті айда ұстаған оразамыз, жасаған дұға-тілектеріміз, құлшылық-ғибадаттарымыз, әрбір қайырлы амалдарымыз қабыл болғай. Алла Тағала отбасымызға амандық, елімізге береке мен бірлік нәсіп етсін!» – деді.
Мойынқұм аудандық мешіті