Мың айдан қайырлы қадір түні

Мың айдан қайырлы қадір түні

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Айлардың сұлтаны – Рамазан айы болса, сол Рамазан айының ең құнды, ең қасиетті түні – Қадір түні. Өйткені, бұл түн бүкіл адамзатқа Құран Кәрімнің аяттары түсе бастаған түн. Қасиетті Құранда: «Періштелер және Жәбірәйіл (ғ.с.) осы түні Раббыларыңның рұқсатымен барлық іс үшін түседі», («Қадір» сүресі) – деп баяндалады. Алланың Елшісі (с.ғ.с.): «Шын мәнінде, Қадір түні жер бетінде періштелер ұсақ тастардан да көп болады» – дейді. Сонымен қатар Ибн Аузағи (р.а.) және Суфян ибн Ғуяйнаның (р.а.) риуаятында: «Ант етемін, мен Қадір түні Рамазан айының жиырма жетісі екенін білемін, өйткені, Расулуллаһ (с.ғ.с.) бізге сол түні ұйықтамауды бұйырған,» – делінген. Мұсылман үмбетінің асыға күткен Рамазан айының 26-нан 27-не қараған қасиетті түні шілденің 13-14 сәйкес келді. Осыған орай, тұрғындар Алла үйіне жиналды.

Ауызашардан соң ақшам намазы мен құптан намазының арасында уағыз-насихат жүргізіліп, тарауих намазы оқылды. Балаларға арналған батут құрылып, білім додасы өтті. Сұрақтарға мардымды жауап берген бүлдіршіндерге сусын таратылды. Мешітке келген адамдардың көптігі мешіт пен медресе ауласын нық толтырды. Әкімшілік делигациямен келген облыс әкімінің орынбасары Ерқанат Нұрбапаұлы Манжуов жамағатты Рамазан айы және түндердің ұлығы қадір түнімен құттықтады.  

Құран оқылып, уағыз айтылды және нәпіл намаздары оқылды. Сондай-ақ, сұрақ-жауап сайысы ұйымдастырылып, жеңімпаздарға Құран Кәрім табысталды. Ал қатысушыларға «Дін мен дәстүр» кітабы сыйға тартылды.

Қадір түніне көпшілікпен дұға жасалып, сәрісі таратылып, таң намазы оқылды.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: