Рамазан – құран айы

Рамазан – құран айы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Он екі айдың сұлтаны болған  Рамазан айы Қасиетті Құран түсіріле бастаған ұлық ай. Рамазан айында кешкі тарауық намазында хатым Құран түсіру пайғамбарымыздан (с.ғ.с.) қалған сүннет болып саналады.

Шу қалалық «Жами» мешітінде биыл екінші жылы тарауық намазында хатым Құран оқылды. Биылғы Рамазан айындағы тарауық намазының бірінші күнінен бастап қасиетті хатым Құран түсіріле бастаған.

Қалалық «Жәми» мешітінде мешіт жамағатына ауыз ашар беріліп, тарауық намазында хатым Құран тәмамдалып дүниеден өткен ата-бабаларға бағышталды.

Шу қалалық Жами мешітінің бас имамы Қуат Дүйсенбайұлы Юнус қариға өз атынан және жамағат атынан ризалықтарын білдіріп келер жылыда Алла Тағала  амандық берсе дәл осындай Рамазан айында тарауық намазына күтетінін жеткізді.

Қазақ халқының жөн жоралғысы,  салт дәстүрі бойынша Юнус қариға үстіне қазақша оюымен шапан жауып, астына ат мінгізіп шығарып салды.

Соңынан мешіт қариясы, мешіт жамағаты Абдіманапов Сайфуддин қажы хатым түсірген Жахунов Юнус қариға ақ батасын беріп дұға жасап, ата-анасына алғысын білдірді.

Шу қалалық Жами мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: