Қадір түніне қайырымдылық

Қадір түніне қайырымдылық

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Рамазан айын асыға күткен  мұсылман қауымы міне, бүгін мың айдан да қайырлы болған қадір түнінің қарсаңында тұр.  Дұға тілектер қабыл болатын, Жәбірейіл (а.с) бастап келетін  майда тастан да көп болатын періштерлер осы түні түсіп, әлем ерекше нұрға бөленеді. Тылсым әлемнің өзі мейірімділік танытып жатқанда адам баласының мұндай игі істен махрұм қалуына болмайды. Осыған орай, аудандық «Қордай» мешітінің ұжымы игі шара ұйымдастырды. Атап айтқанда, қадір түнінде мерекелік көңіл-күй қалыптастыру мақсатында және айт күні мұқтаж жандардың дастарханы мол болуы үшін 21 отбасына әрқайсысына 50 кг ұн, 5 кг қант, 5 кг күріш, 5 кг макарон, 5 литр сұйық май, 250 гр шәй, балаларға базарлық ретінде бір қап тәттілер және 10 000 теңгеден  «мұқтаждың мұңын бөліс» қайырымдылық акциясы аясында үлестірді. Имамдарымыздың ісіне риза болған  көмек алушылар, өз баталарын беріп, үйлеріне қуана қайтты.

Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: