Қасиетті Рамазан айының түндердің сұлатаны болған қасиетті «Қадір түні» қарсаңында аудандық «Қаратау» мешіті аталмыш тақырыпта қайырымдылық акциясын өткізді. Тұрмысы төмен отбасыларға көмек көрсетіп отыратын аудандық«Қаратау» мешітінің бұл жолғы қайырымдылық іс-шарасы 55 отбасыны қамтыды. Науқанда көмекке мұқтаж көпбалалы отбасыларға, әлеуметтік аз қамтылған жанұяларға, мүгедек жандар мен асыраушысынан айырылғандарға азық-түлік үлестірілді.
«Ислам діні жағдайлы азаматтарды қоғамдағы әртүрлі қамқорлыққа мұқтаж болған кісілерге, қоғам мүшелеріне көмектесуге, қол ұшын беруге, жәрдемдесуге шақырады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бір хадисінде: «Адамдардың жақсысы – елге пайдасы тигендері», – деген. Сондай-ақ, Құран Кәрімнің бірқатар аяттары да жұртқа жәрдем етуге, қайырымдылық жасауға, міскіндерді тамақтандыруға шақырады. «Қаратау» мешітінің бас имамы Нұрсұлтан Алиев ұйымдастырылған бұл қайырымдылық шарасының осы өсиеттердің аясында екенін түсіндірді.
Аудандық «Қаратау» баспасөз қызметі.