Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тапсырған төрт бағыттың бірі – қайырымдылық. Осыған орай, Тараз қаласы "Құлбай-баба" мешітінің имамы мен ұжымы 17 жағдайы өте төмен отбасына 4000 теңге қаржы, сондай-ақ,азық-түлік (ұн, кант,ет, күріш,гречка, шай, май, т.б) түрінде пітір садақадан жиналған қаржымен көмек көрсетті.
Сонымен қатар аталмыш мешітте 12 намазхан иътикаф құлшылығын өткізіп, 120 адамға ауызашар жасады. Бұл үрдіс әр жыл сайын қайталанатын дәстүрге айналған-ды.
"Құлбай-баба" мешітінің баспа сөз қызметі