Жат ағымдар жайлы мағлұмат беріп, қате пікірдің алдын алу мақсатында "Құлбай-баба" мешітінің имамы Талғат Асанұлы мен дін істер агенттігінің ұйымдастыруымен Тараз қаласы 158/2 түзету колониясында кездесу өтті.
Аталмыш жиынға сотталған 97 азамат қатысты. Ислам асылдары жайында уағыз жүргізіліп, ҰҚК мен прокуратура шығарған видео-ролик көрсетілді.
Ұйымдастырушылар іс-шара қатысушыларын келер Рамазан айт мерекесімен құттықтап, отбасыларына аман-есен оралуларына тілек білдірді.
"Құлбай-баба" мешіті