Мешітте кітап сөресі толықты

Мешітте кітап сөресі толықты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

   Құран Кәрім сөздері адамзатты надандықтан, зұлымдықтан, қараңғылықтан жарық жолға — ілім жолына, мәдениет жолына бастайды. Сондықтан оған заманның, уақыттың өзгеруі еш әсер етпейді. Құран еш уақытта заман, ғасыр соңында қалмайды, керісінше ғасырды, заманды өз соңынан жетелейді. Ол — қашан болса да жаңа, қай заманда болса да кемшіліксіз, кемелденген заң. Осылайша ол қиямет күніне дейін жалғаса береді.
   Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) бір хадисінде былай бұйырады: «Ғибадаттың ең жақсысы – Құранды басынан соңына дейін оқып, біткен соң қайта бастау». Тағы басқа хадис шәрифтерде: «Құран Кәрімді тәжуидке сай оқыған адамға шейіттің сауабы беріледі», «Адамның тыңдаған бір аяты қияметте өзіне нұр болады», «Құран Кәрімді оқыған кезде Алла Та’аланың ризалығын және жұмақты тілеңдер! Дүниелік нәрсе сұрамаңдар. Бір замандарда қарилар Құран Кәрімді адамдарға жақындасу үшін құрал ететін болады», «Құран Кәрімді түгел оқыған адамның дұғасы қабыл болады» делінген.
   Осы Құранның мешітке келушілерге қол жетімді болуы үшін мешітте арнайы кітап сөресі бар. Онда Құран Кәрім және тағы да басқа діни кітаптар қойылған. Рамазан айының құрметіне кітаптар толықтырылып, тағы да бірнеше данасы оқуға ұсынылды.
«Құраннан бір әріп оқыған адамға бір жақсылық жазылады. Ал әрбір жақсылықтың сауабы он еселенеді. Мен «Әлиф, ләм, мим» бір әріп деп айтпаймын. Әлиф – бір әріп, ләм – бір әріп, мим – бір әріп». (Тирмизи).

Сондай-ақ, келушілерге арналған жамылғы жаңартылып бірнеше данасы тігілді.  

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: