Қайырымдылық – адамгершілік негізі

Қайырымдылық – адамгершілік негізі

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Қайырымдылық – жүрек жылуы, игілік. Әл-Жәмиус-Сағирде келген бір хадисте Пайғамбарымыз (Оған Алла Тағаланың игілігі мен сәлемі болсын!): «Алла Тағала өзгелерге рақымды пенделерін Өз рахметіне бөлейді» – десе, имам Ахмад жеткізген және бір хадисте: «Ар-Рахман өзгелерге рақымдылық еткен пенделерді рахметіне бөлейді. Жер бетіндегілерге рақымдылық етсеңдер, көктегі Алла Тағала да сендерді қамқорлығына алады» – дейді.

«Малым – жанымның садағасы, жаным – арымның садағасы» деп білген бабаларымыздың осындай орамды оймен өрілген өнегелі сөздері, жылағанды жұбатып, жетімге пана болар жайсаңдығы, жомарттығы жүрегімізден жол тапса, Жәннаттың қақпасы қарсы алдымыздан айқара ашылары анық.

Қабиса ибн Бурда әл-Әсади былай жеткізеді: Мен Расулуллаһтың (Оған Аллаһ Тағаланың игілігі мен сәлемі болсын!) жанында болғанымда, Ол кісі (Оған Алла Тағаланың игілігі мен сәлемі болсын!): «Бұл дүниеде ізгі-жақсылықтар иесі – ақыретте де сол ізгі-жақсылықтардың иесі. Ал, бұл дүниеде күнә, жамандықтардың иесі – ақыретте де сол күнә-жамандықтардың иесі» – деді. (Хадисті имам әл-Бұхари риуаят еткен)

Қайырымдылық барда, сыйластық пен адамгершілік жандана түспек. Айтқұл баба мешітінде аталмыш қайырымдылық іс шарасы өтті. Осы мешіттің имамы Шаттық Қамаубайевтың ұйытқы болуымен 2 отбасыға 1 қой еті сойылып, үлестірілді. Сонымен қатар әр отбасыға 2 000 теңге қаржы сыйға тартылды. Көмекке негіз болған жанұялар шын жүректен разылығын айтты.

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.

 

  

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: