Шу аудандық әкімшілік ғимаратында аудан әкімінің орынбасары Е. Е. Аймамбетов бастаған діни бірлестіктермен байланыстар жөнінде кеңес өтті. Аталмыш жиында діни ахуал талқыланып, дін саласы бойынша баяндамалар жасалып, ауданның тыныс-тіршілігі жайлы мәселелер қарастырылды. Жамбыл облысы дін істер басқармасының төрағасы Ж. Ж. Омаров облыстағы дін проблемалары туралы мәселелер көтеріп, баяндама жасады.
Сонымен қатар осы ауданның бас имамы Қ. Мусаев халықтың жалпы діңге деген көзқарасы жайлы және жалпы аудандық, ауылдық мешіттерде атқарылып жатқан іс-шаралар жайында тілге тиек етіп, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының тапсырмасы бойынша 4 бағытта жұмыстар өз деңгейінде атқарылып жатқанын мәлімдеді.
Шу аудандық Төлеби мешітінің
іс басқарушысы Ғалым Есіркесінұлы