Бұқара халықтың дінге деген ынтасы жылдан-жылға жақсарып жатқаны қасиетті Рамазан айында айқын көрініс тапты. Ораза ұстаушылар саны артып, жарыса ауызашар беріп жатқандар жетерлік.
Рамазан айы төрімізге енбес бұрын орталық «Меркі-ата» мешітінің асханасына ауызашарға алдын-ала тапсырыс беріліп, тізім жасалған. Бір ай бойы 100-200 адам көлемінде жамағатқа ауызашар берілуде. Мешіт жамағатымен қоса әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар, қарттар, ораза тұтуды жаңадан бастаған жасөспірімдер ауызашарларға арнайы шақыртылып, кештің қадірлі қонағы болуда.
«Меркі-ата» мешіті.