Электронды жайнамаз сыйға тартылды

Электронды жайнамаз сыйға тартылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Алла Тағала«Зәрият» сүресінің 56-аятында: «Мен жындар мен адамдарды тек қана маған құлшылық ету үшін ғана жараттым,»  – дейді. Яғни біздің өмірге келгендегі басты мақсатымыз – Алланы танып, Аллаға ғана құлшылық ету. Мұнтаздай таза жүрек Алланың құзырына шыққан құл жүзін құбылаға, яғни Қағбаға бұрады. Аллаһтың жердегі үйі болып саналатын Қағбаға бет бұрған мүмін жүрегі мен бар ойын Аллаһқа ұштастырып, өзге қыблалардан бас тартады.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Намаз – көзімінің нұры» – дейді. Әр намазға тұрған сайын пенде құдіреті күшті ұлы Раббының алдында миғражда тұрады. Сәждеге бас қойғанда өзіңнің қандай бақытта адам екеніңді түсініп, сансыз шүкірлер айтасың.

Намазға жағдайы қиын тартқан адамдарға қазіргі таңда түрлі жеңілдіктер жасалған. Соның бірі электронды жайнамаз. «Һибатулла Тарази» мешіті көз жанарынан айырылған 3 зағип кісіге аталмыш ғибадат кілемін сыйға тартты. Электронды жайнамаз – намазды толық үйреніп, сүрелері мен дұғаларын жаттап алғанға дейін намаз оқуға мүмкіндік беретін  құрал.

Енгіді уақытта қырағатты оқып жаттауға мүмкіндігі болмағандар есту арқылы намазын қаза етпестен орындай алатындығына шексіз разы.   

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.

 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: