Ораза айы барша мұсылманға нығмет. Қайсы бір пенденің жүрегін жібітіп, Алла жолына түсуіне себеп болу, бір құлды босатқаннан да қайырлы, бәлкім.
Қасиетті Рамазан айында "Құлбай-баба" мешіті мен "Абдіқадір" мешіт имамдары бірлесе отырып, төрт бағыт негізінде Тараз қаласындағы 158/2 түзету мекемесіндегі ораза ұстаған 119 азаматқа ауызашар берді.
Ауызашарда дін басының үндеуі жеткізіліп, құттықтау сөздер айтылды. Ынтымақ, бірлікте болып, теріс ағымдардан аулақ болу жайлы сөздер қозғалды. Сотталғандар ризалығын білдіріп, мекеме әкімшілігі алғыстарын айтты. Ауыз ашарға жалпы 74 000 тг жұмсалды.
"Құлбай-баба", "Абдіқадір" мешіті