Шекара сарбаздарымен кездесу өтті

Шекара сарбаздарымен кездесу өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Аллаға шүкір қасиеті мол Құран айының да бел ортасына жетіп қалдық. Рамазан айында аудандық «Қордай» мешіт қызметкерлерінің  қызмет бабындағы іс-шаралары тығыз болсада, ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы бекіткен төрт бағыт бойынша жұмыс күн тәртібінен түспейді. Бұған дәйек ретінде  ҚР. ҰҚК Шекара қызметінің 2038 әскери бөлімі басшылығы мен аудандық «Қордай» мешіті имамдарының бірлесе жасалған жұмыс жоспарларының іске асыуы. Өткен айларда аудандық «Қордай» мешітінің наиб имамы Дәуренбек Жандосұлы ҚР. ҰҚК Шекара қызметінің 2038 әскери бөлімінің оң қанатындағы шекара заставаларында болғанын хабарлағанбыз. Міне бүгін де айтулы имани кездесу сол қанатта өз жалғасын тауып, 2038 әскери бөлімінің басшылығы, аудандық «Қордай» мешітінің наиб имамы, дінтану магистрі Д. Жандосұлы және БАҚ өкілдері «Сортөбе», «Өтеген» және «Қарасу» шекара заставаларында Отан алдында борышын атқарып жүрген сарбаздармен, офицерлер құрамымен кездесті. Имани кездесуде наиб имам қасиетті Рамазан айымен құттықтап, Бас Мүфти Ержан қажы Малғажыұлының халыққа үндеуін жеткізіп,  ата дініміз ислам жайлы уағыз айтты. Бүгінгі таңда түйткілді болып жатқан экстремизм мен лаңкестік әрекеттер жайлы бірер сөз айтып, жиһад, шаһид сөздерін ашықтап беріп, олардың ақиқи түсініктеріне тоқталып өтті. Ел арасына іріткі салып жатқан  теріс ағымдар жайлы сөз болды. Дәуренбек Жандосұлы тағы да көтерген ауқымды тақырып ол өзін-өзіне қол жұмсау жайлы болды. Суицид Алла алдындағы ауыр күнә және қоғам алдындағы кесапат екенін кеңінен түсіндірді. Сарбаздар дін маманына өз көкейкесті сұрақтарын қойып, дәлелді жауаптарын берді. Осындай имани іс-шараларды әрі қарай жүйелі түрде іске асыру  жоспарланды.

Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: