Облыс әкімі ауызашар берді

Облыс әкімі ауызашар берді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

   Хадис шәрифте: «Мұсылман бауырына сый көрсеткен адам, Алла Та’аланы да сыйлаған болады» дейді. (Исфахани) «Екі адам бір уақытта шақырған жағдайда есігі жақын болғанына бар! Өйткені, есігі жақын болғанының ақысы бірінші келеді.» (Бухари)

   Қасиетті Рамазан айында ораза ұстаған жамағатқа ауызашар беру үлкен сауапты істерден. Дінімізде ораза ұстаған жандарға ауызашар берудің сауабы ораза ұстағанмен бірдей саналады. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев өзінің «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Біз мұсылманбыз, оның ішінде Әбу Ханифа мәзһабын ұстанатын сүнниттерміз. Бабаларымыз ұстанған бұл жол ұлттық салт-дәстүрді, ата-ананы сыйлауға негізделген. Ендеше, бүгінгі ұрпақ та әлемдегі ең ізгі дін – Ислам дінін қадірлей отырып, ата дәстүрін ардақтағаны абзал», – деп ерекше атап өткен болатын.

   Айтулы Құран айында Жамбыл облысының әкімі Кәрім Насбекұлы Көкірекбаев Тараз жұртшылығына ауызашар берді. Қарилар, қариялар, ардагерлер, имам-молдалар, зиялы қауым өкілдері, т.б. «Бақ сарайы» мейрамханасында жайылған ақ дастарханның қадірлі қонақтары болды.
ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілі Данияр қажы Жұмабаев Құран бағыштап, ораза жайында уағыз айтылды. Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының "Рамазан мүбәрак" кітабының 300 данасы таратылды.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.

 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: