Шу қалалық «Жәми» мешітінде жамағатқа, қарияларға ауызашар берілді. Рамазанда ауызашар беріп, сауапқа кенелумен қатар пайғамбарымыздың (с.ғ.с) сүннетінде орындаған болып саналады. Ал ауызашарға келген адамныңда дұға жасауы сүннет.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с) Сағд ибн Муаздың (р.а.) үйіне ауызашарға барады. Сол жерде дастархан басында пайғамбарымыз (с.ғ.с.) «Дастарханыңыздан ораза ұстағандар дәм татсын. Астарыңызды ізгі кісілер жеп, періштелер сіздерге дұға етсін» деп дұға жасаған еді.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) егер де кімде-кім Рамазан айында адал табысымен ауызашар берсе, періштелер Рамазан айының соңына дейін оған дұға жасайды деген.
Аллах Тағала баршаңыздың қасиетті Рамазан айында ұстаған оразаларыңызды және де жасаған дұға тілек құлшылықтарыңызды қабыл етсін.
Шу қалалық «Жәми» мешітінің ұстазы Парахат Рахатұлы