Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының тапсырмасымен имамдар алдына қойған төрт бағыттың бірі –халықтың діни білімін арттыру. Аталмыш мақсатта сауат ашу курстарын ұйымдастырып, қолға алу міндеттелген.
Осы бағыт бойынша мектеп оқушыларының жазғы демалысын тиімді пайдалану үшін Шу қалалық «Жәми» мешітінде діни сауат ашу дәрістері жүргізілуде. Мектеп жасындағы 30-дан аса шәкірттер араб тілі, ата-ананы сыйлау яғни ахлақ, Құран сабақтарын үйреніп, Ислами тәлім-тәрбиемен сусындауда. Шәкірттер үш күнде Құранға түсу әдістемесімен ілім алуда.
«Жәми» мешітінің ұстазы П. Рахатұлы