Ауызашар - амалдардың құндысы

Ауызашар - амалдардың құндысы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Рамазанда бір қонаққа ауызашар берген адамға Сырат көпірінен өту оңай болады.» (У. Нәжат) Ас беру өте үлкен сауап болып табылады. Әсіресе аузы берік адамға ас беру – одан да үлкен сауап болады. Ораза тұтқан адамның сауабындай сауапқа қауышады, ораза тұтқан адамның сауабы кемімейді.

Пайғамбарымыз (сғ.с.) «Рамазан айында аузы берік адамға су беріп, аузын аштырған адам, анасынан жаңа туғандай күнәсіз болады» дегенінде, сахабалар «Суға тапшылық болған кезде ма?» деп сұрады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) оларға «Қаласа өзен жағасында берсін, бәрі-бір» деп жауап берді. (У. Нәжат)

Ас беруді нығмет деп білу керек. Хадис шәрифте былай делінген:

«Амалдардың ең құндысы – бір мұсылманның айыбын жабу, қарнын тойдыру және мұқтаждығын беру арқылы оны қуанту.» (Исфахани)

Осындай амалдардың көрінісі ретінде «Айтқұл баба» мешітінде ауызашар беріліп, құрма таратылды.

Сонымен қатар, қайырымдық науқаны жүргізілді. Алла үйіне жиналған жамағат риза болып, мешіт жұмысына табыс тіледі. 

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі

 

 

 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: