Рамазан айындағы игі істер

Рамазан айындағы игі істер

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

   Шу қаласында Рамазан айы басталғалы бірнеше игі істер қолға алынуда. Рамазан айында қала ішіне арнайы «Рамазан айы мүбәрак болсын!», «Ораза қабыл болсын!» сынды құттықтаулар мен баннерлер ілінді.

   Қант зауыты мөлтек ауданындағы «Әбу Бәкір Сыддық» мешітінде тарауық намазын оқу үшін мешіт ауласына арнайы тас жол құйылып, «Ораза қабыл болсын!» атты баннер ілінді.

   Рамазан – Құран айы дегенге сай,  қалалық «Жәми» мешітінде тарауық намазының бірінші күнінен бастап қасиетті Құран тарауық намазында қатым етілуде.

   Рамазан айында ең сауапты істердің бірі ауызашар беру екені мәлім. Осыған байланысты қалалық «Жәми» мешітінде қаладағы әртүрлі ұлт өкілдерін шақырып, қариялардың батасын алып, жүзден аса адамға ауызашар берілді.

   Рамазан – ол қайырымдылық айы. «Жәми» мешітінің бас имамы Қуат Дүйсенбайұлы жағдайы төмен үш отбасыға қаржылай 10 мың теңгеден 30 мың теңгеге қайырымдылық жасады.  

Шу қалалық «Жәми»

мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: