Шапағаты мен ырыс-берекесі мол қасиетті Рамазан айы басталғалы бір апта өте шықты. Осы үмбеттің мерекесі болған айда игі іс-шаралар кезек табуда. Аудандық «Меркі-ата» мешітінде аталмыш тақырыпта іс-шара ұйымдастырылып, көмекке мұқтаж шаңырақтарға азық-түлік таратылды.
Тұрмыс жағдайы төмен жанұялар орталық мешітке келіп, жалпы саны 20 отбасы қажетті астықтармен қамтамасыз етілді. Жасалған ізгі іс ел арасында өз нәтижесін тауып, қайырымдылық науқаны жалғасын табуда.
Аудандық «Меркі-ата» мешіті