Тараз қаласының 7-ші Самал мөлтек ауданында орналасқан «Әзрет Әли» мешітінің ұжымы қорытынды емтихан алдында шәкірттерді демалысқа шығару мақсатында Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану мұражайына барды.
Қаланы аралау саяхаты қаламыздағы әмбебап каратэ-кудо негізінде құрылған спорт мектебінен бастау алды. Әмбебап каратэ-кудо жаттықтырушысы Дастан аталған спорт тарихымен таныстырып, балаларға өздерін қалай қорғаудың қарапайым әдіс-тәсілдерін көрсетті.
Мұражай қызметкерлері 2000 жылдан аса тарихы бар ежелгі Тараз шежіресінен сыр шертіп, қызықты экскурция ұйымдастырды. Археологиялық қазба кезінде табылған бұйымдарды көрсетіп, облысымызда тіршілік ететін жан-жануарлар әлемімен таныстырып, қаламыздың дамуына үлес қосқан батыр ата-апаларымыздың өмір өнегесін үлгі етіп баяндады. Бұдан басқа да қызықты әңгімелерді санасына тоқыған оқушылардың саяхаты тәтті балмұздақ дәмімен аяқталды.
Орынбасаров Жалғас
"Нұр-Мүбарак" Египет ислам мәдениеті
университетінің 2 курс студенті