Мектеп оқушыларының жаздық демалысқа шығуына байланысты ауданға қарасты мешіттерде діни сауат ашу дәрістері ұйымдастырылуда. Соның бір көрінісі орталық «Меркі-ата» мешітінде 50-ге жуық жасөспірім діни білім алуда. Ұстаздық қызметті «Меркі-ата» мешітінің найб имамы Нұрбек Жанықұлов, «Нұр Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің 2 курс студенті Үсен Тілеубердиев атқаруда.
«Жақсымбет-ата» мешітінде қыз балаларға арналған діни сауат ашу курсы жұмыс істеуде. Бұл бөлімде ұстаз, дінтанушы Зухра Қараева дәріс беруде.
Оқу соңында, үздік оқушылар іріктеліп жақсы деген түлектер марапатталып, сыйлықтар беріледі.
Жасөспірімдер алғашқыда Құран әліппесінен бастап, Құранмен аяқтайды. Қосымша уақыттарда тәрбие, ата-анаға құрмет, еңбекке баулу сағаттары өтеді.
Аудандық «Меркі-ата» мешіті