Кеше «Хазірет Әли» мешітінде алғашқы тарауих намазы оқылды. Қасиетті аймен сағына қауышқан Тараз жұртшылығы бүгін құлшылық ордаларына ағылуда. Мешітке жиылған 500-нан астама жамағатқа «Хазірет Әли» мешітінің бас имамы Бекболат Мыңбаев қасиетті айдың қадірі туралы уағыз айтып, биылғы жылы Құран Кәрімді хатым ететін қариды таныстырып өтті.
«Хазірет Әли» мешітінде биылғы рамазан айында қасиетті Құран Кәрімді Әль Азхар Аш Шариф университетінің ұстазы, қазіргі таңда «Һибатулла Тарази» медресінің ұстазы, Шейх Юнус Хусейн Субхи қари хатым ететін болады.
Бір айта кетерлігі, тарауих намазына келушілердің саны жылдан-жылға артып келе жатқаны байқалады. Биылғы жылы алғашқы тарауих намазына 500-нан астам жамағат жиылды. Намаздан соң келушілерге ораза кестесі таратылды. Сондай-ақ, «Хазірет Әли» мешітінде 12 күнде Құран Кәрімді толық хатым етуді жоспарланып отыр.
Орынбасаров Жалғас
"Нұр-Мүбарак" Египет ислам мәдениеті
университетінің 2 курс студенті