Адами қасиеттердің ең қадірлісі –қайырымдылық. Ал оны жасау – үлкенін сыйлаған, қариясын қастерлеген, жетімін жылатпаған, кемтар жандарды ешкімнен кем көрмеген қазақ халқына тән қасиет екеніне ешкімнің таласы жоқ.
Мойынқұм ауданының тұрғыны Исмайлов Нүркен бауырымыз бір ірі қара малын рамазан айының құрметіне мешітке тарту етіп, қайырымдылық жасады. Мойынқұм аудандық мешітінің бас имамы З. Исаев, Н. Исмайловтың әулетіне Рамазан айында жасаған игі істеріне береке, отбастарына амандық, кәсіптеріне табыс тілеп Құран оқып, дұға жасады.
Мешіт жамағаты қайырымдылық шарасына бірлесіп ірі қара малын сойып, етін ауданның жағдайы төмен, көп балалы, жалғыз басты отбасыларға барлығы 20 отбасына таратып берді.
Аллаға шүкір, еліміз тәуелсіздік алғаннан бастап қасиетті Ислам дініміз қолдау тауып ,имандыққа бет бұрған жамағаттар саны күн сайын артып келеді. Сондықтан да, иманды азаматымыздың қайырымдылығы қабыл болып, Аллаһ разы болсын дейміз!
Ә.Сүиіндік