Балалардың жазғы демалысын тиімді өткізу мақсатында Шу аудандық Төле би мешітінің жанынан 1 маусымнан бастап жазғы «Сауат ашу курсы» ұйымдастырылған болатын.
Балалардың жазғы демалысын тиімді өткізуіне, өскелең ұрпақтың жан дүниесін байытып, рухани азық алуына жол ашатын сауат ашу курысына мектеп жасындағы балалар келіп дәріс алуда.
50-ге тарта жас жеткіншектерге қасиетті Құранды оқуды, пайғамбарымыздың (с.ғ.с ) хадистерін, күнделікті әр мұсылманға тиісті дұғалар, намаз, дәрет алу сияқты ислам құндылықтарын үйретіп жаттауға себепші болып жүрген Құлыбек Ердәулет, Кәкішев Төлеуғазы, Дүйсенов Тұрсынбек сынды «Һибатулла Тарази» медресесінің шәкірттері бар жігерін салуда.
Ең кішкентай оқушының жасы 6 да үлкені 15 жаста, соның ішінде 3 жыл бойы жазғы демалысында сабақ алып келе жатқан балалар бар екенін айтқанымыз жөн.
Бас имам Қуандық Мусаевтың ұйымдастыруымен сауат ашу курсындағы балалардың білімдерін жан-жақты арттыру мақсатында, жоспарға сай әр-түрлі ойындар ұйымдастырылып, үздіксіз сабақпен қатар табиғатта тынығып, суға шомылып бой жазу шәкірттердің пайдасына жарағандай. Алла тағала діни білімдерін бұдан да әрі қарай тереңдетулерін елімізге, дінімізге пайдалы жақсы азамат болып өсіп-өрлеулерін нәсіп қылсын!
Шу аудандық Төле би мешітінің
іс басқарушысы Ғалым Есіркесінұлы