Көптен күткен қасиетті Рамазан айы да келіп жетті. Алла Тағала «Бақара» сүресінің 183-аятында «Сендерден бұрынғыларға парыз болғандай ораза ұстау, сендерге де парыз етілді. Әрине сақтанарсыңдар» – деген. Рамазан айы адамзатқа жолбастаушы, һәм тура жолға салатын, ақиқат пен жалғанның ара жігін ажырататын ең айқын дәлелдерді қамтыған қасиетті Құран түсе бастаған ерекше ай. «Араларыңнан кімде кім Рамазан айына аман-есен жетсе, ауыз бекітсін. Ал кім науқас болып немесе сапарда жүріп ұстамаса (қаза болған күндерін) басқа уақытта ұстасын».
Қалада он екі айдың сұлтаны болған мерекемен құттықтап қала көліктеріне және автобустарға, мешіт аулаларына, көше бойларына да Рамазан айына байланысты банерлер ілінді. Көне Тараз шаһарының бірнеше мешіттерінде арнайы келген қарилар хатым түсіруде. Атап айтатын болсақ «Әулие ата», «Бегалы ата», «Давруш ата», «Хазірет Әли», «Айсұлу ана» мешіттері.
Ораза тұтқан адамдарға ауызашар жасау қандай сауап екендігі баршамызға мәлім. Мешіттерімізде демеушілердің есебінен 100-200 адамға ауызашар ұйымдастырылуда. Нұр шашқан мүбарак рамазан айы баршамызға құтты болғай мұсылман бауырлар!