«Һибатулла Тарази» мешіті 1 маусымнан бастап оқушыларға арналған жазғы сауат ашу лагерінің жұмыстарын бастаған болатын. Аталмыш лагерь ұл балалар үшін медреседе және қыз балалар үшін әйелдер намазханасында өтуде. «Баланы жастан...» дегендей бала тәрбиесі Исламмен бірге өсіп, бірге өнуі тиіс. Ілім мен хикмет мүміннің жоғалған малы, мүмін оны қайдан тапса бірден бойына сіңіріп алуы қажет. Дүние мен ақырет бақытының кілті – ілім емес пе?
Жазғы ілім курсына келген оқушылар иман негіздері, ғибадат, Құран әліппесі, Құран, талим, сира, дұға, ойын, ахлақ пәндері бойынша сабақ алуда. Лагердің бірінші кезеңі қыздар бөлімі бойынша 1-13 маусым аралығында, ал қасиетті Рамазан айынан кейін 20 шілде мен 15 тамыз аралығында болса, ұлдар бөлімінің бірінші кезеңі 1-20 маусым, екінші кезеңі 20 шілде мен 20 тамыз аралығында өтеді. Жоғарыда көрсеткендей қыздар бөлімі лагердің бірінші кезеңін тәмәмдап отыр. Оқушылар келесі кезеңге ұстаздардан тапсырма алып, ата-аналар жиналысымен 1 маусым өз мәресіне жетті.
Құран жаттап, мұсылманша сауатын ашқан жасөспірімдер болашақта ибалы да ілімді қыздар болады деген үміттеміз.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА,
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.