Әскери қызметкерлерге үгіт насихат

Әскери қызметкерлерге үгіт насихат

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Гвардейск гарнизонының әскери барлау бөлімінің ұйымдастырумен қорғаныс министрлігінің №21450 әскери бөлімінде «Дін және діни экстремизм» атты кездесу өтті. Әскери барлау бөлімінің арнайы шақыруымен аталмыш жиынға аудандық «Қордай» мешітінің наиб имамы, дінтану магистрі Дәуренбек Жандосұлы қатысты.

Сондай-ақ, әскери полиция, әскери прокуратура, бөлім басшылары, келісім-шарт бойынша қызмет етіп жатқан сарбаздар және қатардағы сарбаздар яғни жалпы саны 500 адам қатысты. Іс-шарада наиб имам Д.Жандосұлы уағыз айтып, өз баяндамасында дін жайлы жалпылама түсінік беріп, жат ағымдардың құрбаны болғандардың іс-әрекеттері жайлы, олардың өз қақпандарына түсіру мақсатында жасалынып жатқан әрекеттеріне тоқталып өтті. Негізгі ерекшеліктерін тізбектеп, теологиялық қателіктерін атап өтті. Асыл дініміздің құндылықтарын уағыздап, қасиетті Рамазан айының келуімен құттықтады. Айлардың сұлтаны болған Құран айында ораза тұтудың қасиеттеріне тоқталып өтті. Сарбаздар арасында орын алатын суицид тақырыбында да кең көлемді уағыз атып, дәлелдерді дінімізбен дәстүріміздің құндылықтарымен ұштастыра сөз сөйледі.

Жиналған азаматтардың көкейкесті сұрақтарына жауап беріп, әскери бөлім басшылығы дін маманына алғысын айтты. Ұйымдастырушылар сарбаздардың тәрбиесіне әсер ететін осындай жиындардың әлі ұйымдастыратынын жеткізіп, жиі қонақ болуға шақырды.

Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: