Білім алу, сауатты болу – Ислам дінінің ең басты талабы. Себебі, Алла Тағала әуелгі аятын уахи еткенде «Аләқ» сүресінің бес аятын түсірді.Адамзатқа тура жол нұсқаушы, ақ пен қараны айырушы етіп жіберілген Құран Кәрімнің ең алғашқы аяты «Оқы!» әмірімен басталған-ды.
Яғни, Пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.ғ.с.) Жәбірейіл (ғ.с) періште келіп: «Оқы! Жаратқан Раббыңның атымен! Ол адамды ұйыған қаннан жаратты. Оқы! Сенің Тәңірің ең Жомарт! Ол қаламмен жазу үйреткен. Адамдарға білмегенін үйретті», – деген «Алақ» сүресінің алғашқы аяттарын уаһи етті. Демек, алғашқы түскен Құран әмірі «оқы» сөзімен басталды. Иә, Ислам діні бізге ілім алуды, яғни, дұрыс білім алуды бұйырады. Құран Кәрімде Алла Тағала: «Білетіндер мен білмейтіндер тең бола ма?» («Зүмәр» сүресі, 9 аят) – деп ілімдінің орнын көрсетті. Құран Кәрімнің алты жүзден астам жерінде білім жайлы айтылған. Және бір нәрсені білмесеңдер ілім иелерінен сұраңдар деп бұйырады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) өзінің хадис шәріпінде: «Ілім алу әрбір мұсыман ер мен әйел кісіге парыз», – деген.
Алла Тағала ілім жолына түскен пендесінің жәннатқа жолын оңайластырады емес пе? 2012 жылы жұмысын бастаған «Һибатулла Тарази» мешітінің алғашқы түлектері бүгін де өз ілім ордасынан қанат қақты. Кәлимәмен сусындаған 16 шәкірт оқуын тәмәмдап, 3-і қызыл, 13-і көк дипломдармен марапатталды. Атап айтар болсақ: Пернебаев Нұрболат, Лебаев Ержан, Әмірқожаев Қуаныш қызыл дипломды иеленіп отыр.
Ілім мен хикмет – мүміннің жоғалған малы, мүмін оны қайдан тапса бірден бойына сіңіріп алуы тиіс. Дүние мен ақырет бақытының кілті – ілім. Ілім амалдардың ең абзалы.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА,
«Һибатулла Тарази» мешітінің
баспасөз қызметі