Рамазан айына дайындық пысықталды

Рамазан айына дайындық пысықталды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Барша мұсылман әлемі ынтыға күтіп отырған қасиетті Рамазан айы да күн санап жақындап келе жатыр. Осыған орай, Қордай ауданының бас имамы Әбдужалил Шалбай күн тәртібінде тұрған мәселелердің артуына байланысты ауыл мешіттеріндегі имамдармен кездесу өткізіп, ҚМДБ тарапынан берілген тапсырмаларды пысықтады.

Көтерілген басты мәселе әрине Рамазан айына дайындық жайы. Қасиетті Құран айы Қазақ елінде 18 маусымда төрімізге еніп, 17 шілде Ораза айт мерекесі аталып өтілетінін дін қызметкерлеріне айтып, осыған байланысты ел арасында мерекелік көңіл-күй қалыптастыру тапсырылды.

Мешіт аулаларында, көшелерде қасиетті айға байланысты плакаттар, билбордтар мүмкіндігінше ілініуін қамтамасыз ету, зиялы қоғам өкілдеріне, әр түрлі сала қызметкерлеріне, мұқтаж жандарға ауыз ашар беру, қайырымдылқ іс-шараларын өткізу ауыл имамдарына тапсырылды.

Сондай-ақ, күн тәртібіндегі өзекті мәселе ол аудан бойынша мешіттерді құжаттандыру болды. Ә. Шалбай әрбір мешіт имамынан осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстарының есебін тыңдап, өзінің ақыл-кеңесін беріп, бұл бағыттағы жұмыс басты мәселелердің бірі екенін тағы бір еске салды. Осындай жиындар өз кезегінде имамдардың жауапкершілігін арттырып, өз жұмысына деген ынтасын күшейтуге септігін тигізеді деген ойдамыз.

Аудандық «Қордай» мешітінің
баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: