Сауат ашу өз жұмысын бастады

Сауат ашу өз жұмысын бастады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Тәрбие басы–тал бесік» демекші, келер ұрпақтың тәрбиесіне бала күнінен көңіл бөлінуі қажет. Баланың көңілі далада екені дана халқымыз бекер айтпаған. Сол әлі қалыптаса көрмеген даладағы сана үшін жазғы сауат ашу курсы ойын ойнатып, қызықтыра отырып, имани тәрбие мен білімнен сусындататын орынның нағыз өзі. Жылдағы қалыптасқан дәстүр бойынша жаздың алғашқы күнінде аудандық «Қордай» мешітінің жазғы сауат ашу курсы өз жұмысын бастады.

Жеткіншектерге жазғы лагерь аясында Құран әліппесін үйретіп, түрлі дұғалар мен сүрелер жаттауға көмектеседі. Сондай-ақ, «Иман» пәнінен дәрістер өткізіліп, жас ұрпақты иман шарттарымен таныстырып, әдептілік пен тазалық, дәрет алу мен намаз оқу секілді ұғымдар аясы кеңінен түсіндіріледі. Ардақты елші Мұхаммед с.ғ.с өнегелі өмірін оқытып. түрлі спорттық сайыстар ұйымдастырылып, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелейді. Халық аралық балаларды қорғау күнімен және сауат ашу курсының басталуымен жиналған бүлдіршіндерді ауданымыздың бас имамы Ә.Шалбай құттықтады. Бас имам сауат ашу курсының мақсаты жайлы, білім алу жөнінде өнегелі уағыз айтып, жиналған 45 жуық балаға балмұздақтан үлестіріп, оқуда табыс тіледі.

Аудандық «Қордай» мешітінің
Баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: