Шу аудандық «Төле би» орталық мешітінің бас имамы Қуандық Мусаевтың ұйытқы болуымен 1 маусым «Балаларды қорғау» күні мерекесіне орай ауқымды көлемде игі іс-шаралар жасалды.
Қалыптасқан дәстүр бойынша, Аудандық «Төле би» мешітінің ауласында балаларға арналған батуттар мен ойын сауықтар орнатылып, мерекелік алаң жасалды. Мерекеге көпбалалы отбасынан және тұрмыс жағдайы төмен жанұяның балалары, интернаттар мен жетім балалар үйінің тәрбиеленушілері дін қызметкерлерінің қамқорлығында болды. Мешіт алаңына келген жас балаларға арнайы дастархан жайылып, тегін балмұздақ пен ойыншықтар таратылып, мешіт ішіне діни мультфильмдер көрсетілді.
Мереке барысында аудан бас имамы Қ. Мусаев келген халықка ата-аналарға «Бүгін – ерекше, мәні мен мағынасы зор күн. Сіздерді осы мейраммен шын жүректен құттықтай отырып, ибалы, инабатты, білімді, тәрбиелі болып өсулеріңізді тілеймін. Бүгін сіздер үшін көңілді де қызықты мереке ұйымдастыруға тырыстық. Біздер үшін басты байлық – сіздердің күміс күлкілеріңіз бен шат-шадыман көңіл-күйлеріңіз», – деп мерекелік шарамызды ашты. Бас имам бұндай іс шараны биыл алғаш рет ұйымдастырылып отырғанын жеткізді. Бұл игі шара жыл сайын дәстүрге айналмақ. Бүгінгі шараны ұйымдастырудағы мақсат – бүлдіршіндердің көңілін көтеру, дінге деген ынталарын артыру, оларды имандылыққа шақыру, білімді де инабатты азамат болып өсуіне қолдан келгенше үлес қосу.
Шу аудандық Төле би мешітінің іс басқарушысы Ғалым Есіркесінұлы